Facebook әлеуметтік желісінің әкімшілігі 2018 жылдың 3 айында заңсыз, әдепсіз, сондай-ақ арандатушылық сипаттағы хабарламалар тарататын 583 млн жалған парақшаның өшірілгенін мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукербергтің айтуынша, жарты млрд парақшаның өшірілуі бекер емес. Бастысы – қауіпсіздік. Олар осылайша зорлық-зомбылықтың алдын алып, халықты қауіп-қатерден сақтамақшы.