Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесу жиынын өткізді. Алқалы жиынды Жамбыл облысы әкімдігінің мәжіліс залында тікелей эфирден мемқызметшілер мен жергілікті БАҚ өкілдері көрді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ведомство басшысы өткен жылды қорытындылап, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Шара барысында телекөпір арқылы байланысқа шыққан облыс орталықтарынан да сұрақтар қойылды. Министрдің айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар арнайы цифрлық желі сигналын қабылдайтын құрылғылармен қамтамасыз етілмек.
Еске сала кетейік, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін ел аумағын ақысыз санды форматқа кезең-кезеңмен көшіру жобасы қолға алынды. Сондай-ақ кездесуде отандық телеарналардың қызметін әлеуметтік желілер арқылы тарату, интернет-ресурстардың дамуы мен ақпарат қауіпсіздік жөнінде де сөз болды.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
«Мемлекет басшысы БАҚ пен коммуникацияны дамыту бойынша нақты мақсаттар қойды. Қазір олар жоспар бойынша орындалып жатыр. Мемлекеттік сектордың ақпараттың жұмыс сапасы артты. Яғни ондаған тараудың орнына бірыңғай республикалық медиажоспар қабылданды. Осылайша атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар арқылы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды».
«Бізде бұқаралық ақпарат құралдарының 95 проценті — жекеменшік компаниялар. Сол себепті олар баспанамен қамту мәселесін өздері шешуі керек. Мысалы, мұғалімдердің барлығы бюджеттік қызметкерлер болып саналады. Ал журналистердің басым бөлігі аталған санатқа жатпайды. Осы мәселені қалай шешеміз? Журналистің мәртебесін қалай анықтаймыз? Енді, қазіргі кезде мемлекет баспанамен қамтуға қатысты біраз шараларды қолға алып жатыр ғой. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы да бар», — деді Д.Абаев xалыққа есеп беру кездесуі кезінде.
«Ол мәселе бір жерде шешіледі, енді бір жерде шешілмей жатады. Себебі жатақxана бар. Дегенмен, біз министрлікке қарасты әрбір ұйымның баспана мәселесін жеке-жеке қарайтын боламыз. Нақты ұсыныстар болса, біз әрдайым қолдауға дайынбыз. Ондай ұсыныстар бар», — деп атап көрсетті Д.Абаев.
Айта кетейік, министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды. Аталған шаралар жылдың ортасында басталады.