Жамбыл облысында әскери тәртіп күшейеді

0 11

Жамбыл облысы ТЖД Дербес қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дидар Сәтпайұлы Өрт сөндіру мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадина Гарифқызымен бірлесе отырып, облыстық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелеріндегі қызметкерлермен тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Отырыс барысында полиция подполковнигі Дидар Сагинов жеке құрамды ҚР ІІМ-нің 2018 жылғы 3 айындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу мен заңнаманың, тәртіптің сақталуы бойынша талдауымен таныстырды.

Сондай-ақ, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мадина Гарифова облыстағы азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта жолда жүру ережелерін бұзуы бойынша жан-жақты айтып өтті.

CAMERA

Іс-шара соңында Жамбыл облысындағы әрбір бөлімшелердің басшылығына жеке құраммен әскери-қызметтік тәртіпті қатаң сақтау бойынша жұмыстарын күшейтуді қадап тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.