Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Бұл идеологиялық құжат «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны»,«Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім»,«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «100 жаңа кітап» сынды арнайы жобалар аясында іске асырылуда.
2017 жылы жалпы құны 1,1млрд теңгеге 24 жоба мен іс-шаралар өткізілсе, биылғы жылы жалпы құны 3,8 млрд теңгеге 122 жоба мен 77 іс-шара іске асырылатын болады. Оның ішінде 400 млн. теңгесі жергілікті бюджет, 3,4 млрд. теңгесі меценаттар есебінен көзделген.
Биылғы жыл соңына дейін құны 1,7 млрд теңгеге 43 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілетін болады