Жамбыл облысында киелі жерлердің картасы әзірленбек

0 7

Жамбыл облысының 80 іскер азаматы өңірдің әлеуметтік-рухани жаңғыруына атсалысып, жалпы құны 817 миллион теңге болатын 23 нысанды пайдалануға берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.

Биыл тағы бір жарым миллиард теңгені қамтыған 29 әлеуметтік ғимарат ел игілігіне ашылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Астанада өткен брифингте мәлім етті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелеген аймақ басшысы, Әулиета жерін қайта түлетуге жергілікті кәсіпкерлер де белсене араласып жатқанын атап өтті.

Ежелгі Тараз шаһарының бай тарихын насихаттау мақсатында «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны», «Тәрбие және білімә атты төрт кіші бағдарлама іске асып жатыр. Бұл жұмыстарға 1,7 миллиард теңге жұмсалады.

Сонымен қатар, Әулиеатаның киелі жерлерінің картасы әзірленіп, өңірдің көптомдық энциклопедиясы дайындалады. Аталған жобаларға жалпы 38 миллион теңге бөлінген. Тараз өңірінен шыққан атақты адамдар туралы да арнайы жобалар қолға алынған.

Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі:

– «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде соңғы қоңырау күні онлайн форматында ынталандыру, ақпараттандыру дәрісі өткізілмек. Ол дәріске Жамбыл облысынан шыққан белгілі әлемдегі танымал университетте оқып жатқан түлектер тартылмақ. Айталық, АҚШ-та білім алып жатқан жерлесіміз Қайрат Әшім, Кембридж университетінен Нәзипа Елубаева онлайн байланыс арқылы облыс оқушыларына дәріс оқитын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.