Таразда оқушылар мен студенттер анимациялық фильм жасаудан жарысты

0 1

Таразда алғаш рет мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында анимациялық фильм жасаудан байқау өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл бастама жеткіншектердің ІТ саласындағы сауаттылықтарын дамытып, ақпараттық технологияға деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білім және тәрбие» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шарт бойынша қатысушылар «Ертегілер әлеміне саяхат», «Мектеп және колледж өмірі», «Болашақ-тағы мен» тақырыптарында ұзақтығы 1-3 минуттық анимациялық фильм әзірледі. Оған облыс бойынша бас-аяғы 300-ден астам үміткер қатысып, 45 жұмыс облыстық деңгейге дейін жетті. Ал үздік шыққан 25 жоба интернет ресурстарға жарияланды. Жеңімпаздар электронды дауыс беру арқылы анықталып, арнайы марапатқа ие болды.

Азат Әбдіқали, оқушы:

— Кейіпкерлерді және декорациясын яғни фонын, қоршаған ортасы мен кеңістігін суретке бейнелеп, эскизін сызып аламыз. Мультфильмнің сырларын білместен бұрын біз видеомен де түсірдік, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып көрдік. Бұл мультфильмді түсіргенге 1 ай кетті. Өйткені біз бұл мультфильмді бірнеше рет қайталап түсірідік. Сәтсіз шыққан кадрлар, сәстсіз шыққан түсірілімдер болды.

Саясат Есеев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

— Бұл бірегей жоба ретінде алып отырмыз. Дәл осы жұмысты қазір оқушылар, студенттер жалғастырса дейміз. Сонымен қатар өздеріңізге мәлім Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, яғни оқушыларды осы бағытқа бағыттасақ деп осы. Республика көлемінде бұл тұңғыш жоба болып табылады. Біз бұл жобаны келесі жылы бұдан да жандандырып, қойылған талапты күрделендіріп, мұны жан-жақты дамытатын боламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.