Шілдеден бастап депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді

0 3

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі төмендейді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«ҚДКБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендетіледі. Ал жеке тұлғалардың жаңадан тартылған шетел валютасындағы депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі — сол деңгейде сақталады (1%)», — делінген баспасөз хабарламасында.

Депозит нарығының конъюнктурасы күрт өзгерген жағдайда, бұл мөлшерлемелерді Директорлар кеңесі және (немесе) «ҚДКБҚ» АҚ-ның жалғыз акционері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, қайта қарауы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.