Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Үлкен Алматы көлінің суына жасалған зерттеу нәтижелерін жариялады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Зерттеу нәтижелері теріс болып шықты, яғни су барлық талаптарға сай келеді», – дейді ведомство басшысы Айзат Молдағасымова.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қала тұрғындары Үлкен Алматы өзенінде қызыл су ағып жатқанын видеоға түсіріп, желіде жарыса жариялаған еді. Дәрігерлер өзен суының қызыл түске боялуына қатысты пікір білдірді.