Республиканың солтүстік өңірінде жауын-шашын туғызған суық арктикалық фронттар шығыс бағытқа ойысады. Синоптиктер Қазақстанда 24-26 мамыр күндері қандай ауа райы күтілетінін айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республиканың солтүстік өңірінде жауын-шашын туғызған суық арктикалық фронттар шығыс бағытқа ойысады.
Алдағы күндері елдің оңтүстік-шығыс, шығыс бөліктерінде жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендейді.
«Басқа аймақтардың ауа райына Поволжьеден келген антициклон әсер етеді. Ол қысқа уақытқа ғана ықпал жасайды, өйткені Баренц теңізінің үстінде арктикалық фронттың келесі жүйесі қалыптасып жатыр, осының салдарынан ауа райы 25 мамырда солтүстік өңірден оңтүстік, оңтүстік-шығысқа қарай бағытталады. 25-26 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн ашық болады, ал Қазақстанның басқа аймақтарында кей жерлерде жаңбыр, екпінді жел күтіледі», – деді метеорологтар.
24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дауылдық ескерту жарияланды. Жел секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.