Қазақстанда балабақшаға кететін шығынның төрттен бір бөлігін ата-аналар көтереді

0 2

2018 жылдың сәуір айында қазақстандық ата-аналар мектепке дейінгі білім беру орталығына барған балалары үшін күніне 817 теңгеден төледі. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,9% көп, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ең жоғарғы бағалар Астана мен Алматы қалаларында тіркелді. Бұл аймақтарда ата-аналар мектепке дейін білім беру орталықтарында бір күнге 1 862 (+7,6%) және 1 666 (+14,6%) теңге төлейді.

Шымкент қаласында мектепке дейінгі білім беру орталықтарының бір күндік бағасы бірден 19,2% қымбаттап, 1023 теңгеге жетті. Бұл салада көрсетілген қызметтердің жалпы сомасы 244,2 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,2% көп.

Бәрінен көп мектепке дейін білім беру орталығының қызметтерін Оңтүстік Қазақстан облысы (22,5%) және Алматы қалаларының (11,1%) тұрғындары пайдаланған. Бюджеттен мұндай қызметтің 75,7%-ы төленген. Алдыңғы жылы 76,3%-ы төленген еді.

Мұндай қызметтер үлесі 2016 жылы 23,5%-дан 2017 жылы 24,1%-ға дейін өсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.