Таразда өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

0 8

Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «Жастар сарайында» өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту болып табылады.

Биыл республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 10,4 млрд.теңге бөлініп, 15 762 адамды қамту жоспарланып отыр.

Бағдарлама шеңберінде аз қамтылған отбасылардың мектепті бітірген соң оқуға түсе алмаған жастары бірінші кезекте қамтылады және өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытулар болады.

Оқуға қатысушыларға шәкіртақы, жол жүру және тұру шығыстары мемлекет есебінен төленеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.