Жамбыл облысында жыл сайын 700 — ге жуық өрт тіркеледі

0 10

ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бас маманы Берік Сатыбалдиев мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

700 – ге жуық өрттің 100 – і балалардың отпен ойнауынан болады. Статистикаға сүйенсек, соңғы 5 жылда өрт кезінде 94 адам, оның ішінде 13 бала қаза тапқан. Ал ағымдағы жылы 6 адам, оның ішінде 2 бала қаза болды. Бұдан басқа облыстың су айдындарында соңғы 5 жылда 12 адам, оның ішінде 52 бала суға батып қаза болып, ал биылғы жылдың басынан 1 адам суға батып кеткен.

Қазіргі таңдағы балалардың от пен судан қаза табуы көбінесе, ересектердің салғырттығы, немқұрайлығы орны толмас өкінішке әкеп соғуда.

2018 жылды ІІМ «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жариялап, жергілікті атқарушы органдармен,ҮЕҰ – мен, жастар мен басқа да ұйымдармен балалар үшін қауіпсіз балалық шақты құруға шақыратын бірлескен жұмыс, түрлі акциялар және волонтерлік ұйымдар тартылып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты заңға қайшы іс – қимылдарға жол бермеу қағидатын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық кампания жүргізуді көздейтін имидждік жоба қолға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.