Бүгін Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығында рефракциялық лазерлік хирургия бөлімінің салтанатты ашылуы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Іс-шара аясында аймақта тұңғыш рет Алматыдағы Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының профессорларының қатысуымен рефракциялық лазерлік көруді іс-тәжірибеден өткізді.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында офтальмологтар қоғамының отырысы өтті. Онда «Рефракциялық хирургияның қазіргі мүмкіндіктері» тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты қарағандылық Баймұқанова Елена Бахтиярқызы өз ойын ортаға салса, «Глаукоманы емдеудегі жаңа аспектілер. Клиникалық жағдайларды талдау» тақырыбында Алматыдағы Қазақ көз ауруларының ғылыми-зерттеу институты атынан Жұматаева Зауре Асылханқызы кеңінен тоқталды.