Қазақстанның бірқатар өңірлерінде үсік жүреді

0 0

«Қазгидромет» РМК Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Мамырдың 28-і күні Ақмола облысы аумағында солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді деп болжанып отыр. Түнде облыстың кейбір өңірлерінде ауа температурасы минус 3 градусқа дейін төмендесе, күндіз найзағай ойнап, дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Cонымен қатар, Астана қаласында да түнде ауа температурасы минус 2 градусқа дейін төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.