Таразда 24 мамыр күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының күндері өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Шара жамбылдық жастарды әлеуметтік, мәдени, білім беру, қайырымдылық сияқты өзге де қоғамдық-пайдалы істерге тартуға бағытталған. Бастама аясында қор мен жергілікті билік өкілдері кездесіп, жастар саясатын дамыту мәселесі, мәдениет, ғылым, әлеуметтік салаларға қатысты бірлескен жобаларды талқылады. Сондай-ақ, студенттермен кездесу ұйымдастырылып, қордың қызметі таныстырылды.
Айта кету керек, Елбасы Қоры жылда 100-ден астам іс шара өткізіп, жас ғалымдар, шығармашыл жастар және ай-ти мамандарын қолдауға 70-тен астам жобаларды жүзеге асырады. Қазір «Смарт жолы» және «Метод Про» жобаларын қолға алған. Бұл еліміздің дарынды студенттеріне «Ай-ти» саласын оқыту курстарынан тегін білім алуға және өз стартаптарын дүниежүзілік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында Қор қызметкерлері өңірден жаңа «Ай-ти» кабинетін ашуға арнайы сертификат сыйға тартты. Сонымен қатар, смартфондар мен планшеттерге арналған латын қарпі бар қазақ пернетақтасы жобасының тұсауы кесілді. Аталған шара еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылмақ.
Сұлтан Айтжанов, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары:
— Еліміздің тек қана жастарды қолдау емес, жастардың істеп жатқан жобаларын да әлемдік деңгейде шығару. Еліміздің мыңнан астам баласы сабақ оқып өзінің бастамаларын осы инвесторларға таныстырды. Жазда Сингапурға апарып әлемге таныстырамыз. Орталық Азияның 100 бірінші орынға шығатын стартаптардың ішіне кіргізу. Соған үміттеніп отырмыз.