Ағымдағы жылдың 24-28 мамыр аралығында Хошимин (Вьетнам) қаласында таэквондодан (WT) ересектер арасында Азия чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Аталған чемпионатқа Жамбыл облысынан Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында Руслан Жапаров қатысып, +87 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.
Айта кетерлігі, облыстың аға жаттықтырушысы – Ә.Әлімбеков есімді азамат.