Мұнай өнімін теміржолмен тасымалдауға үш айға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Электронды үкімет порталында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың Ресейден теміржол арқылы бензин тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрығы жарияланды. Қазір ол қоғамның талқылауына берілген, ол 6 маусымға дейін созылады
Құжатта аталып өткендей, энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына хабарлама дайындауы керек, сонымен бірге Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым енгізілгенін бектіліген тәртіппен ескертуі тиіс.
Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.