Күні кеше Тараз шаһарында Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Композитордың бұл қуанышына өнер адамдарымен қатар қатысқан Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов оған темір тұлпардың кілтін ұстатты.
Бұл жайында Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жариялады. Сондай-ақ, композитордың шәкірттері де Қоразбаевтың мерейтойынан суреттер жүктеді.
https://www.instagram.com/p/BjXfDy1l2KK/?hl=ru&taken-by=saken_maigaziyev
«Алтын көкеміздің Тараздағы 70 жылдық мерейтойы тосын сыйға толы болды. Көкеміз концерттен түскен қаржыны қайырымдылыққа аударды. Туған өлкесінің атынан облыс әкімі Асқар Мырзахметов мырза көкемізге темір тұлпар тарту етті», — деді Майғазиев.