Таразда алғашқы бродкастинг залы ашылды

0 1

Тараз қаласында алғашқы бродкастинг залы ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жаңа технологиямен жабдықталған орталықтың ашылуына «Нұр Отан» партиясы мұрындық болып отыр. Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған бродкастинг залы – «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында пайдалануға берілді. Бар жағдайы жасалған заманауи зал — Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада орналасқан. 2 аудиторияда толық жабдықталған конференцзал, жылдамдығы жоғары интернет желісі мен Wi-Fi орнатылған. 9 моноблок арқылы бейнеконференциялар өткізуге, өзге өңірлермен байланыс орнатуға болады. Электронды жүйе арқылы бұл кітапханада жоқ әдебиеттерді тауып, оқуға да мүмкіндік бар. 38 мыңнан астам кітап қорының бүгінде 27 мыңы цифрлы нұсқаға көшірілген. Келушілердің 70 пайызы – жастар. Бродкастинг залының ашылуы – оқырман санын одан да көбейтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта облыс бойынша тағы осындай 3 орталық ашу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.