Ата-аналар 1-сыныпқа баратын балаға өтінішті онлайн бере алады

0 3

Астанада жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжат қабылдаудың электронды жүйесі іске қосылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құжаттар 30 тамызға дейін қабылданады.

Бұл қызметті ата-аналар e.astana.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы пайдалана алады.

Портал 24/7 режімінде жұмыс істейді.

Өтінішті ресімдеу үшін e.astana.kz сайтына кіріп, қажетті ақпараттарды енгізіп, құжаттардың сканерленген нұсқасын салу керек. Қабылдау не қайтару туралы хабарлама 5 жұмыс күні ішінде жеке кабинетке және телефон немесе поштаға келеді. Қызметті көрсетуден, тек құжаттар толық болмағанда немесе сканерленген құжаттардың нұсқасы нашар болғанда ғана бас тартылады.

Электронды жүйеде ата-аналар мектепті орналасқан жеріне байланыссыз қалауы бойынша таңдай алады.

Ата-аналар баланы мектепке қабылдаудың дәстүрлі тәсілін де пайдалана береді. Яғни құжаттарды қағаз түрінде мектепке тапсыра алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.