Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

0 1

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Zakon.kz — ке сілтеме жасап.

Тек республиканың батысында және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, тұман болады, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай ойнайды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, желдің екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.