Еліміздің оңтүстігінде 40 градус аптап ыстық болады

0 13

«Қазгидрометтің» инженер-синоптигі Айдана Абықан алдағы үш күнге ауа райы болжамын айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, алдағы күндері еліміздегі ауа райы құбылмалы болмақ, оңтүстікте аптап ыстық болса, басқа өңірлерде күн күркіреп, дауыл көтерілуі ықтимал.

«Кола түбегінен циклон Батыс Сібірге қарай ығыса бастады. Сонымен бірге атмосфералық фронттар Қазақстанға келіп, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күн күркіреген кезде, дауыл соғуы ықтимал. Ауа температурасы климаттық нормаға жақын. Қиыр оңтүстікте ауа температурасы 40 градус аптап болады», — деп мәлімет берді Абықан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.