Бұл туралы бүгін ӨҚК өткен брифингте облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Мұхаметжанов Арнұр Сағындықұлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews»АА.
ҚР индустриалды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама аясында Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша 6380 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда. Осыған сәйкес, жалпы 584,2 млрд. теңгені құрайтын 42 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 133,3 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Оның ішінде Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындармен өндірілген өнім көлемі 10,9 млрд. теңгені құрап, жалпы өңдеу өнеркәсіп өнім көлемінің 12% құрап отыр.
Тағы айта кетерлігі, осы жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 44,5 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,1%-ға артып отыр.