Белгісіз біреулер мессенджерлер арқылы менингитке қарсы антибиотик терапиясын жүргізуге шақырады. Алматының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова қазақстандықтарды денсаулық сақтау мекемелері таратқан ресми деректерге ғана сүйенуге шақырады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Алматының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ақпаратты теріске шығарады және әлеуметтік желілер арқылы алынған дәйексіз ақпараттарға сенбеуді сұрайды. Антибиотик терапиясын науқаспен байланысқандар ғана дәрігерлердің бақылауымен алады. Денсаулық сақтау мекемелері мен органдары бұқаралық ақпарат арқылы таратқан ресми деректерге ғана сүйенулеріңізді сұраймын», — деді Айзат Молдағасымова аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Барлығы 3692 адам тексеріліп, 2 731-інде нәтижесі теріс болып шықты, 955 сынама бойынша қорытынды кейінірек шығады. 10 жұқпа тасушы анықталды.