Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Қазақстанның алтын-валюта қорының жағдайы туралы айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Биылғы бес айда алдын ала мәліметтер бойыша Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1,4 пайызға өсті. Халықаралық резервтер Ұлттық қор активтерін қоса есептегенде 90,4 млрд АҚШ долларын құрады», — деді А. Ахметов.
Сонымен қатар ол елімізде долларсыздану процесі жалғасып келе жатқанын атап өтті.
«Ұлттық валютадағы депозиттер қаңтар-сәуірде 2,3 пайызға немесе 9,4 трлн теңгеге дейін өсті. Ал шетел валютасында 8 пайызға, яғни 7,7 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жыл басынан бері шетел валютасындағы салымдар 47-ден 45 пайызға дейін азайды», — деді ҰБ өкілі.