Менингит Нидерланды мен Ұлыбританияда да белең алып келеді

0 0

Нидерландыда биыл менингит жұқтырған науқастардың саны рекордтық көрсеткішке жетті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Портал берген мәліметтерге қарағанда, жұқпалы аурудан жыл басынан бері 11 адам көз жұмып, тағы 57-сі жансақтау бөліміне жатқызылған. Нидерланды Ұлттық денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау институтының (RIVM) мәлімдеуінше, елде менингококк инфекциясын қоздырғыштары — W серотобының диплококктары.

Порталдың мәлімдеуінше, биылғы жарты жылда менингиттен қайтыс болғандар саны былтырғы жалпы көрсеткішке жетіп үлгерген.

Өкінішке қарай, қазір Нидерландыда инфекциядан қорғаушы вакцина жетіспейді. Былтыр ел үкіметі 14 айлық балалар мен мектеп оқушыларына менингитке қарсы вакцина егу туралы шешім шығарғанымен, препарат жетіспеушілігінің салдарынан 14 жастағы балаларға дәрі егу үстіміздегі жылдың қазанына дейін шегерілген.

Dutchnews.nl хабарына қарағанда, менингиттің осы түрі жылдам дамиды. Мәселе мынада, 2015 жылға дейін W бактериясы қоздырған менингиттен қайтыс болу фактілері тіркелмеген. Орта есеппен жыл сайын 4 науқас тіркеліп отырған. Бірақ былтыр жағдай күрт өзгеріп, 2017 жылдың алғашқы төрт айында 27 адам ауруханаға жатқызылған. Үстіміздегі жылдың осы кезеңінде Нидерландыда ауруханаға түскендер саны 50-ге жеткен.

Менингит инфекциясының алғашқы белгілері — суық тию және гриппен байланысты симптомдар. Содан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлайды. Менингиттің айқын белгісі мойын бұлшықеттерінің қозғалмай қалуы болып табылады. Науқас адам 24 сағаттың ішінде қайтыс болуы мүмкін.

Dutchnews.nl, сондай-ақ Ұлыбританияда да менингитпен науқастанғандар саны артып келе жатқанын хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.