Ескі базар орнынан бой көтеретін «Қолөнершілер қалашығы» тақырыбы туралы конференция өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Шахристан базарының бүгінгі күні тұрған ескі ғимараттары бұзылып, орны тазартылып жатыр. Соның ішінде жағдайы едәуір жақсы 5 ғимарат қалдырылып, жөндеуден өткен соң, келешекте өлкетану музейі, көркемсурет галереясы, шығыс тағамдарының асханасы болып қайта жаңғыртылады.
Сонымен қатар, қолөнер шеберханалары, сауда саттық сөрелері, балалар ойын алаңы, ағаштар егіліп, гүлзарлар жасалып көне қаланың келбетін бейнелейтін қасбеттер ойластырылып, келген туристтерге ерекше әсер қалдыратын болады.
Жиын барысында «Үздік туристтік ұран» байқауының жеңімпаздары марапатталды.