Қазақстандағы туризм жайлы бағдарламалар пойыздарда көресетіле бастады

0 3
5 маусымынан бастап Қазақстан темір жолының «Тұлпар-Тальго» пойыздарында және фирмалық жүрдек пойыздарында қазақ және орыс тілдеріндегі «Unknown Kazakhstan» (Белгісіз Қазақстан) теле бағдарламасы көрсетіле бастады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 
«Unknown Kazakhstan» — еліміздің ең қызықты мекендері мен белгісіз жерлері туралы баяндайтын бағдарлама.

Бұдан басқа, жалпы хронометражы 6 сағаттан асатын «Discovering Kazakhstan» және «Aviator» атты ел ішіндегі саяхат туралы тағы екі бағдарламаны көрсету жоспарланған.

«Kazakh Tourism» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары, сондай-ақ «Хабар» агенттігі мамыр айында қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға ынталандыруды көздейтін бірлескен кампания жариялағанын атап өткен жөн.

Бұл шара еліміздің әуежайлары  мен теміржол вокзалдарында Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан  туристік орындар туралы танымдық бейнебаяндарды көрсетуден басталды.

Маусым айынан бастап бұл кампанияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ қолдап, бейнебаяндарды Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсете бастады.

Науқанға «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының жарнамалық операторы  MYD Production да қолғабыс етіп, белгілі қазақстандық фотограф Константин Киквидзенің Қазақстан туралы суреттерін ішкі терминалдың ұшу алаңдарында орналастырды.

«Белсенді туристік маусым басталып келе жатыр және біз өз азаматтарымызға ішкі туризм мүмкіндіктері туралы барынша  ақпарат беруге тырысып жатырмыз. Қазақтың осы бірегей табиғи және тарихи-мәдени көрнекті орындарына әрбір қазақстандық баруы тиіс деп есептейміз», — деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.