ЖАҢАТАСТЫҚТАР ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШЕДІ

0 1

Жаңатаста жыл соңына дейін 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жұмыс сапарымен Сарысу ауданында болып, Жаңатас қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Бекболат Серікбекұлы үстіміздегі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған Жаңатас қаласындағы 1 шағын ауданда орналасқан №5 көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйді көрді. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін жалпы құны 248 млн теңге бөлініп, қазір мердігер компания анықталуда. 1800-дей кезекте тұрған азаматтардың бірқатары қоныс тойын тойлар күн де алыс емес.

Бұл биылдыққа пайдалануға берілетін екінші көпқабатты пәтер болмақ. Бұған дейін үстіміздегі жылдың наурыз айында 120 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.