Орал қаласындағы көше бойынан граната табылды

0 12

Оралда Производственная көшесі бойынан граната табылды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 20.15-те гранатаға ұқсас зат табылған.

Арнайы шаралар барысында ол шынында да Ф-1 гранатасы болып шықты.

БҚО ішкі істер департаменті оқу-жаттығу взводының саперлары қаладан үш шақырым жерде әскери гранатаның көзін жойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.