Шұғыл дәрігерге бару!!! Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар ауруханасына шұғыл емдеуге жатқызылады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA денсаулық басқармасына сілтеме жасап.
Менингиттің алдын алу үшін:
— Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;
– Суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.
-Қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай – ақ жануарларды ұстағаннан кейін;
— Өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаңыздар;
–Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда!!!
Ата-аналар, біздің ұсынымдарымызды есте сақтаңыздар, басқа ата-аналармен, өздеріңіздің кәмелеттік жасқа толған балаларыңызбен және достарыңызбен осы ақпаратты бөлісіңіздер! Аурудың алдын алудың оңай екенін біліңіздер!