Іс – шара Талас ауданындағы мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының аудандық филиалы арасында ұйымдастырылған, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Спорттық шара Астананың 20 жылдығына, мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және кәсіподақтар күніне орай өткізілген.
Тартысқа толы бәсеке нәтижесінде 60 метрге жүгіруден персоналды басқару бөлімінің басшысы Айман Оңғарова, 100 метрлік қашықтықта ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы Қуат Ошақбай, 2000 метрде аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Дастан Құлыбай қарсыластарын шаң қаптырды.
Жекелей спорт түрі бойынша жеңімпаз атанған спортшылар маусым айының 20- күні Тараз қаласында өтетін облыстық жарысқа қатысады.