WhatsApp, Viber және Telegram мессенджерлерін қолданушылар саны күн сайын артып келеді. Сол себептен Google компаниясы бірер ай бұрын аталмыш қызметтерді қолданыстан түсіретін жүйені шығаруға шешім қабылдады. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Chromium Gemit командасының әзірлеушілері атап өткендей, Google компаниясы WhatsApp және Viber желілерін жоятын қызмет түрін көпшілік қолданысқа енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әңгіме Android Messages туралы болуда. Ол Android Messages деп аталатын операциялық жүйелердің базасында барлық смартфондарға енгізіледі. Америкалық корпорация болашақта аталмыш мессенджерді барлық платформаларда және электрондық құрылғыларда, сондай-ақ компьютерлер мен планшеттерде қолдануға мүмкін болатындай етіп жасап шығармақ.
Қазіргі уақытта Android Messages-те бүтін бір мессенджерге тән функциялар жоқ, алайда биылғы жылдың аяғына дейін бәрі өзгермек. Осыдан екі ай бұрын ғана Google аталмыш сервис толығымен қайта өңделетінін жария еткен болатын. Ал толығырақ ақпараттармен кейінірек бөлісуге уәде етті.