Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте «Облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Н. Қорғанбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жуалы ауданында орналасқан «Burnoe Solar» күн электр станциясының 2 – кезеңіндегі жалпы қуаты 20 МВт құрайтын «Burnoe Solar — 2» нысанының құрылысы ағымдағы жылдың 4 маусымда аяқталып, іске қосылды. ЖЭК – тің орнатылған жалпы қуаты 100 МВт дейін жетті.
Белгілі болғандай, жобаның 1 – кезеңі «Жуалы аумағындағы қуаты 50 МВт құрайтын ЖЭК» 2015 жылы пайдануға берілген.
Республика бойынша жаңартылған энергия көздерінің әлеуетін орнатылған жалпы қуаты 392,8 МВт 59 нысан құраса, Жамбыл облысының үлесіне 43% тиесілі.
2010 жылы барлық жаңартылған энергия көздері нысандарының жалпы қуаты шамамен 1,5 – 2,0 МВт болса, қазіргі таңда 10 ЖЭК нысандары жалпы 168,7 МВт құрап отыр. Оның ішінде:
— 4 су элекстанциясы, жалпы қуаты 15,1 МВт;
— 3 жел электр станциясы, жалпы қуаты 53,1 МВт;
— 3 күн электр станциясы, жалпы 100,5 МВт.