Шу ауданында «Алға басу — движение вперед» атты жүгіруден жарыс өтті

0 4

Бүгін Шу ауданы Сары Хасенов атындағы орталық стадионында Мемлекеттік қызметтік қызметкерлер арасында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай және мемлекеттік қызметшілер күніне байланысты «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгіріс ұйымдастырылды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.

Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету.

Қайырымдылық іс — шараны аудан әкімі Қайрат Досаев ашып берді. Бұл атаулы шараға бес жас санатындағы (25-31 жас, 32-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас аралығы) мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жеңімпаздар марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.