Жамбыл облысында орын алған пойыз апаты бойынша жаңа деректер шықты. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды.
Əлеуметтік желіде таралған видеода жолаушылар вагонына жүк пойызының жанасып өткенінен кейін вагондардың рельстен шығып кеткендігі айтылады. Видеодағы азамат өзін вагон жолсерігі деп таныстырады. Жолаушылар пойызы вагондарының жолдан шығып кету себебі əлі ресми нақтыланған жоқ.