Пилоттық жобаны жүзеге асыруға еліміздегі 189 ауданның ішінен Жуалы ауданы таңдалып алынған. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған мыңнан аса бизнес өкілі қатысып, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері сайланды.
Сайлау жазбаша және электронды түрде онлайн режимде өтті. Үміткер ретінде 14 жергілікті бизнесменнің кандитатурасы ұсынылды. Тәртіп бойынша кеңес мүшелері жасырын дауыс беру арқылы анықталды.
Әбдібек Пошқаев, кәсіпкер:
— Кәсіпкерлердің арасынан алынғаннан кейін осы саланы ауданымызда одан әрі дамытады деген үмітпен келіп отырмыз. Кәсіпкерлерді қолдау керек кезде, кәсіпкерлер арасынан алынып жатқаннан кейін бұған артар үмітіміз зор.
Қазіргі күні ауданда 3700 кәсіпкерлік нысаны тұрақты жұмыс істеп тұр. Сайлау науқаны кезінде ауыл кәсіпкерлерінің 35 пайызы белсенділік танытып, 9 адам аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Ксения Тастыбаева, бақылаушы:
— Ауылды жерлерде көп жағдайда кәсіпкерлер заңдылықтарды біле бермейді. Түрлі қағаздар мен құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болып жатады. Кеңес мүшесіне сайланған адам өз аудандарындағы кәсіпкерлік саласындағы кемшіліктерді дер кезінде жеткізіп, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын болады.
Алдағы уақытта аудандық кеңес мүшелері жабық түрде өздерінің төрағасын тағайындайды. Ал ол автоматты түрде облыстық кеңестің мүшесі болып сайланады. Бұл жүйе сәтті жүзеге асып нәтиже шықса, жалпы ел аумағында іске қосу жоспарда.