«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

0 17

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығын» құру туралы шешімге қол қойылды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, Астанада бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы Дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Биылғы форум «Ұлы Дала» ІІІ Астананың 20 жылдығына, сонымен қатар ақын Мағжан Жұмабаевтың 125, жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90, Әзербайжан Халық республикасының 100, Томсеннің Түркі жазуын оқуының 125 жылдығына арналып отыр.

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

Форумның ашылуы салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ЕСО Science Foundation, Түркі Кеңесі, ТүркПА сынды халықаралық ұйым басшылары қатысты. Сондай-ақ, қатысушылардың арасында дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу оралықтарының басшылары да бар. Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Германия, Өзбекстан және өзге елдердің белгілі түрколог ғалымдары елордада бас қосып, түркі әлеміне өзекті тақырыптарды талқыламақ.

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

Форумның салтанатты ашылуының соңына қарай түркі әлемі ғылымының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар елдердің ғалымдары алтын медальмен марапатталды. Халықаралық Түркі академиясы түркі дүниесінің білім мен ғылымының дамуына, сонымен қатар ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқан танымал тұлғаларға алтын медаль табыстап, құрмет көрсетіп отыр.

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

Форумның марапаттау рәсімінен кейін «Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығын» құру туралы шешімге қол қойылды. Аталмыш шешімге Моңғолия Ғылым академиясының президенті Регдел Дүгерин, Ресей Ғылымдар академиясы Тіл білімі институтының аға ғылым қызметкері Олег Мудрак, Түрік тіл құрымының төрағасы Мұстафа Качалин мен Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қол қойды.

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика қауымдастығы» құрылды

«Қауымдастықтың жылына төрт рет шығатын журналы болады. Сонымен қатар, осы серия бойынша арнайы кітаптар шығарамыз. Алтаистика, Түркология, Моңғолистика бойынша серияларды шығара бастаймыз. Құтты болсын», — деді өз сөзінде Дархан Қыдырәлі.

Фото: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.