Тараздың түнгі жарықтандыруы сын көтермейді(ФОТО)

0 18

Бұл олқылықтар Тараз қаласының әкімі қала көшелеріне рейд жасау кезінде белгілі болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Б.Момышұлы көшесіне мұндағы «Жансая» кафесінің 2 әріпі жанбай тұрғаны анықталды. Аялдамада тауық сатып тұрған дүңгіршектегі әйел, халатсыз, санитарлық кітапшасы жоқ, кір — қожалақ күйінде тауық сатуда.

«Бақыт» дүкенінің жанында сыра дүңгіршегі қойылған мұнда кәуап сатылуда. Электр жарығының сымы от үстінен өткізілген, жалын тиген сымдар әбден қарайып, өрт қаупі төніп тұр.

«Жансая» мөлтекауданы 30 үйдің жанында қымыз сататын киіз үй тігілген. Киіз үй ішінде су, ыдыс аяқтар жуатын орын жоқтың қасы.

Жанында «Оңтүстік» әлеуметтік-азық түлік корпорациясының дүңгіршегі орналасқан. Дүңгіршектің түрінен ақ мұндағы тұрғындар шошып, кірмейтін болуы керек, ішінде бұршақ пен қара құмықтан басқа азық-түліктің қарасы көрінбейді. Сыртқы келбетіндегі жазу да жоқ, бетондалмаған, жан-жағы лас, шөп қаулап кеткен, арық тазаланбаған. Сыртта күн астында сүт сатылады екен.

 

«Қайқармет» базарының қарсысында «Әмір и Д» дәріханасының «Ә» әрпі түнгі жарығы сөніп тұр. Мұнда 4 дүңгіршек орналасқан. Қала әкімі осы дүңгіршектерді бір келбетті етуді дүңшіршек иелеріне ұсынуды сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсырды.

Автобус тұрағы жанында вулканизация жұмыс істеуде. Қала әкімі «мұндай вулканизация 19 ғасырда да болмаған шығар» деп таңданысын жасырмады. Сыртқы келбеті ұсқынсыз ғана емес, жанынан кафе құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі жер қатынастары бөліміне жер телімінің иесін анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.