Ендігі еліміздегі азық-түлік бағасын әкімдер белгілейтін болады

0 4

Ендігі еліміздегі азық-түлік бағасын әкімдер белгілейтін болады. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тағамдық өнімдердің бағасын белгілеу жолы өзгертілмек. Бүгін министр Тимур Сүлейменов нарықты мұқият бақылауға мүмкіндік беретін бірнеше шараны атады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігіндегілер ірі сауда орталығына құп беру керектігіне сенімді. Базарларға қарағанда, оларға ықпал ету жылдам көрінеді. Сондай-ақ ведомстводағылар өндіруші-тұтынушы арасындағы тізбекті қысқарту жөнінде жұмыстар жүргізуде. Өз кезегінде министрлік әкімдерді апта сайын бағаларды бақылап тұруға міндеттеді.

Алайда әкімдер өнімдердің бағасын белгілерден бұрын кәсіпкерлермен кеңесетін болады. Жалпы бұл тізімге 19 өнім енген. Олардың қатарында дәнді дақылдар, ет, нан және сүт бар.

«Яғни облыс әкімі облыс орталығында, облыстық маңызы бар қалада, аудандарда не болып жатқанын жақсырақ түсінеді және шұғыл шараларды әлдеқайда жылдам әрі тиімді қабылдай алады», – дейді ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.