Туристердің қауіпсіздігіне кім жауапты?

0 12

Жамбыл облысына келген туристердің қауіпсіздігіне кім жауапты, келеңсіз жағдай бола қалса олар қайда барып, кімнен көмек ала алады деген сияқты бірқатар мәселелер облыстық туризм басқармасында өткен жиналыста талқыланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 10 мамыр күні Алматы облысына сапары кезінде ел Үкіметіне «2019 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, соның ішінде арнайы қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау, экологиялық, этнографиялық және агротуризмді дамыту жөніндегі шаралар тізімін әзірлеп Президент Әкімшілігіне ұсыну;

туристерге қарсы кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» принципін қолдануды көздейтін, азаматтардың құқықтарын және құқықтарын қорғау деңгейін көтеру бойынша шаралар кешенін қабылдау;

туристерге, әсіресе шетелдік азаматтарға тілектестік қарым-қатынасты қамтамасыз ету; құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шетел тілдері мен шетелдік азаматтармен қарым-қатынас жасаудың негізгі ережелерін үйрету.

Ағымдағы жылдың қараша айында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XV өңіраралық ынтымақтастық форумының сапалы өтуін қамтамасыз етуді», — тапсырған.

Осыған орай, ІІД — не облыс аумағында туристер құжатының көшірмесін ғана алып жүруге; диспетчерлік қызметте отырған адамның ағылшын тілін үйренуге; вокзалдың дәл алдында тек заңды такси компаниялардың көліктерін тұруын қамтамасыз етуді ұсынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.