Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығы» ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде ашылған Орталық тіркеуден дайын құжаттарды алғанға дейін, электрондық форматта қызмет көрсетуге көшу жолымен оқу қызметінің процестерін ұйымдастыруды оңтайландыру, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды аспектілері болып табылады және мемлекеттік органдардың қызметіне халықтың сенімін арттыру.
Орталықта «Зерде» рухани дамыту орталығы мен оқу процесінде цифрлық білім беретін «Е-Librari» залы бар.

Іс-шараға қатысушылар «Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер» бағдарламасымен танысты. «Студенттерге қызмет көрсетудің электрондық орталығын» ашу эстафетасы «Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің» табысталды.
