Қазақстан жанармайдың заңсыз айналымынан 86 млн теңгеден астам қаржы жоғалтты

0 3

Қазақстанда мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты бұзушылықтар көбейіп барады. Бұл туралы  «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомстводан түсіндіріп кеткендей, 2018 жылдың басынан бері 88 қылмыстық іс тіркелді (2017 жылдың І жарты жылдығында 69 іс тіркелген). Осы ретте, қозғалған істің 50%-дан астам сотқа дейінгі іс өндіріспен аяқталды.

«Келтірілген залал 86,6 млн теңгені құрады. Бүгінде оның 37,2 млн теңгесі өндірілді», — деп түсіндірді МКК.

Сонымен қатар, соңғы жарты жылдықта 10,6 мың тонна дизельді отын, 388 тонна бензин, 11 мың литр қозғалтқыш майы, 1,2 мың тонна сұйытылған газ, 4,8 тонна авиациалық жермай, 20,6 мың кг қозғалтқыш отыны, 77,3 мың кг битум тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.