Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Шыңғыс Айнақұлов мәлім етті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ағымдағы жылы Департаментпен жеке сот орындаушыларының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстарына 21 жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 13 жеке сот орындаушысын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынысы Жамбыл облысы Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына, 1 жеке сот орындаушысының лицензиясының қолданысын тоқтата тұру бойынша ұсынысы ҚР Әділет министрлігіне жолданып, ал 7 жеке сот орындаушысына анықтамада көрсетілген заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою үшін хаттары жолданды.
Бүгінгі күні облысымызда 73 жеке сот орындаушылары халыққа қызмет көрсетуде, оның ішінде Тараз қаласы 48 жеке сот орындаушысымен, облыстың барлық аудандары 25 жеке сот орындаушыларымен қамтылған және олардың атқаруында жалпы құны 65,5 млрд. тенгені құрайтын 110 мың атқару өндірісі бар.
Еске сала кетсек, елімізде 2011 жылдан бастап жеке сот орындаушылары институты алтернативті түрде мемлекеттік сот орындаушылармен қатар қызмет істей бастады.