Жамбыл облысында шөп өртеніп жатыр

0 5

Жамбыл облысында күннің ысуына орай табиғи өрт оқиғалары болып жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айының 3-күні сағат 04:15-те Меркі ауданы, Ойтал ауылы, Гоголь көшесі, жеке тұрғын үй ауласында 2000 түк шөптің (32 тонна) өртенуі болды. Өрт сағат 05:02-де оқшауланып сағат 06:40-та ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ (6 қызметкер, 2 бірлік тех.) күшімен толық сөндірілді. Қаза болғандар және жарақат алғандар жоқ.

Айта кетерлігі, Жамбыл облысы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-де өткен тәулікте 4 рет жедел шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.