Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0 0

Қатты жел соғып, 40-43 градус қатты ыстық болады. Қостанай және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

6 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел найзағай кезінде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз кей жерде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

6 шілдеде түнде Түркістан облысының кей жерінде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

7-8 шілдеде өңірдің басым бөлігінде 40-430С қатты ыстық болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.