Тараздықтар Астананың 20 жылдығын тойлауда

0 0

Бүгін Таразда «Тараз Арена» спорт сарайында «Асқақтай бер, Астана» атты жастар арасында спартакиада өтіп жатыр,- деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан жарысқа 18-ден 35-ке дейінгі жас ерекшелігіндегі жастар қатысып жатыр.

Сайыста жүзу, қол күресі, гір тасын көтеру, үстел теннисі және кіші футбол сынды спорт түрлерінен қатысушылар бақ сынауда.

Жастар арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінен грамота, медаль, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.