Бүгін Тараз қаласы Достық үйінде «Астана — Ұлы Дала Елордасы!» атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған облыстық көрменің ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Астананың мерейтойына орай ашылған көрмеге барлығы 46 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 38-і жалпы білім беретін мектептер мен Тараз қаласы және Жамбыл, Жуалы ауданындағы қосымша білім беретін ұйымдардың жұмысымен толықтырылған.
Сондай-ақ, көрме экспозициясы — сәулетті макеттер, сәндік-қолданбалы өнер, суреттер және фотолардан құралған төрт бөлімнен тұрды.
Көрменің ашылуы Астана күніне орай ұйымдастырылғандықтан жас сәндік киімдердің дефилесінен басталды. Онда ҚХА шеберлер клубының білікті мамандары Гүлжазира Құдайбергенова, Наталья Ремша және Вера Андреевнаның коллекциялары ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтар болсақ, Жуалы ауданы Б.Момышұлы атындағы №1 гимназияның оқушысы Татьяна Сидорова Бәйтерек үлгісін оригами техникасында жасаса, Жансая Тұрсынғалиева макарон өнімімен бейнелеп жұртты тамсандырды. Ал өз кезегінде Ақерке Оспан Бәйтеректі тоқыма үлгісінде көрсетті.
Айта кетерлігі, салтанатты шараға 100-ге жуық көрермен қатысты.