Еңселі Елордамыздың 20 жылдығына орай Талас ауданында заман талабына сай футбол алаңы қолданысқа берілді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт алаңының іргесін қалауға кәсіпкерлер сеп болған. Алаңның символикалық кілті салтанатты түрде ауыл басшылығына табыс етілді. Дәл осында ауыл жастарына сыйлық беріліп, алғашқы доп ойынға қосылды.
ДОСМАХАНБЕТ ӘЛИЕВ, ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Мұнда алдағы уақытта аудан денгейінде түрлі жарыстар өткізіледі деп күтілуде. Тіпті әуесқой және кәсіби спортшыларды даярлауға мүмкіндік туды дейді жаттықтырушылар.