Тараздық спортшылар үздік үштіктен көрінді

0 2

Ағымдағы жылдың 25-30 маусым аралығында Астанада қала күніне орай 2006 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Астана қаласының ашық кубогы өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталған жарысқа 9 облыстан, Ресей Федерациясынан 16 команда (240 спортшы) қатысты. Ал Тараз қаласынан №4 спорт мектебі бақтарын сынады.

Сайыста тараздық спортшылар Көкшетау қаласымен бір топқа түсті. Нәтижесінде Көкшетауды 12-11 есебімен жеңіп, топта бірінші орынға ие болып, 1/8 финалына шықты. 1/8 финалда Қарағанды командасын 5-4 есебімен жеңді. Сондай-ақ, ширек финалда Астрахань командасын 9-8 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

Финалда Астана қаласымен 5-5 есебімен тең түсіп, пенальти қорытындысы бойынша Астана командасы 1-орынға, Тараз қаласы 2-орынға және Астрахань командасы 3-орынға ие болды.

Айта кетерлігі, сайыстың нәтижесі бойынша Тараз қаласының ойыншысы Пантелеев Кирил үздік орталық шабуылшы атанып, естелік сыйлық және грамотамен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.